Жағажай волейболынан Қазақстанда тұңғыш рет өтетін «Ақтау Инвитэйшн» халықаралық турниріне 5 елдің спортшылар қатыспақ

АЛМАТЫ. 16 мамыр. ҚазАқпарат - Ақтауда 18-20 мамыр күндері жағажай волейболынан ерлер командалары арсында І «Ақтау инвеитэйшн» («Aktau Invitation») деп аталатын  Азиялық халықаралық турнир өтеді.
None
None

Қазақстанда биыл тұңғыш рет тұйымдастырылып отырған бұл байрақты бәсекеге жарыс қожайындарынан басқа Иран, Оман,  БАӘ мен Индонезиядан спортшылар қатысқалы отыр. Онда Қазақстан-1 (Александр Дьяченко/Алексей Сидоренко), Индонезия (Даркункоро Коко/Хермава Адэ), Иран-2 (Руфи Рахман/Гхолипур Бахман), БАӘ (Хассан Ахмад/Салем Мохамед) командалары «А» тобында өнер көрсетеді. Ал Иран-1 (Фарухи Парвиз/Салах Ах-Мохаммад), Қазақстан-2 (Дмитрий Яковлев/Алексей Кушешов), Қазақстан-3 (Александр Бабичев/Серік Супағалиев), Оман (Хайтам Альшейреки/Ахмед Альхусни) «Б» тобында бақ сынамақ. Одан кейін бұл сында  үздік шыққандар қарсы топта төртінші орын алғандармен, ал екінші орын алғандар қарсы топта үшінші орын алғандармен жұп құрайды. Жеңілгендер 5-7 орынға, ал жеңгендер жартылай финалда кездеседі. Жарыстың финалдық ойындары «Қазақстан-Ақтау» телеарнасы арқылы трансляция жасалады деп жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар