19:30, 15 Сәуір 2011 | GMT +5
Жағажай волейболынан қазақстандық жігіттер Азиялық турдың қола жүлдесін сарапқа салады
АЛМАТЫ. 15 сәуір. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Жағажай волейболынан Тайландтың Сонгхла қаласында өтіп жатқан Азиялық турдың ертең ақтық ойындары өтеді.
Онда ел намысын ерлер арасында қорғап жатқан «Қазақстан-2» командасы 3-орын үшін «Индонезия-1» командасымен кездеседі. Олардың бұл жолғы қарсыласы Анди Ардияншан мен Фахриянсиях (Andy Ardiyansah-Fahriansyah) жұбы. Индонезиялықтар үшін де қазақстандықтар үшін де бұл сайыстың маңызы өте зор. Өйткені Александр Дьяченко мен Алексей Сидоренкодан құралған «Қазақстан-1» командасы жарыстың алғашқы күні «Индонезия-2» командасын 2:0 есебімен ойсырата ұтқан еді. Енді индонезиялықтар командаластарының есесін қайтаруға тырысса, қазақстандықтар әріптесерінің жетістігін қайталау үшін бар күш-жігерін салатын болады.