Жағажай волейболынан Мәскеуде өтіп жатқан "Үлкен дулыға" кезеңін қазақстандық спортшылар сәтті өткізуде

АЛМАТЫ. Маусымның 10-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Мәскеуде жағажай волейболынан "Үлкен дулыға" әлемдік турының кезекті кезеңі өтіп жатыр,

Жағажай волейболынан Мәскеуде өтіп жатқан "Үлкен дулыға" кезеңін  қазақстандық спортшылар сәтті өткізуде

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Волейбол федерациясна сілтеме жасап.

"Үлкен дулыға" әлемдік турының кезеңдеріне әлемдік рейтингтің қортындысы бойынша үздік 64 жұп қана қатысуда. Жүлде қоры 300 мың долларды құрайтын бұл дүбірлі доданың Мәскеудегі кезеңі маусымның 9-ы күні басталған болатын. Онда ел намысын Александр Дьяченко мен Алексей Сидоренко қорғады. Олар бүгін алғашқы ойынды норвегиялық спортшылармен өткізді. Әлемдік рейтингте 16-шы орында тұрған Скарлунд-Спиннагрден (Skarlund-Spinnangr) 2:1 (14:21, 21:19, 15:11) басым түскен қазақстандық спортшылар ертең АҚШ волейболшыларымен сынға түседі. Олардың бұл жолғы қарсыластары Рогерс Далхауссер (Rogers-Dalhausser) мен Женнингс Кеенан (Jennings-Keenan). Әлемдік рейтингте Рогерс 1-ші, ал Женнингс 17-ші сатыда тұр. Ал қазақстандық спортшылар мамырдың 31-і күнгі рейтингте 83-ші сатыда болды.