Жағажай волейболынан «Үлкен дулыға» әлемдік турының Швейцариядағы кезеңдік жарысын ел құрамасының үздіктері 17-ші боп аяқтады

АЛМАТЫ. 13 шілде. ҚазАқпарат - Қазақстандық жағажай волейболшылары Швейцариядағы Гштаадта «Үлкен дулыға» әлемдік турының 6-шы кезеңдік жарысын аяқтады.
None
None

Ел құрамасының үздіктері 1/16 финалда сүрініп, 17-ші орынды қанағат тұтты. Бұған дейін Дмитрий Яковлев пен Алексей Кулешов те дәрежелік бірінші раундта канадалықтарға жеңіліп, 41-ші орынды қанағат тұтқан болатын. Ал сайысты бірден негізгі кезеңнен бастаған Татьяна Машкова мен Ирина Цимбалова және Алексей Сидоренко мен Александр Дьяченконың жолын 1/16 финалда Германия және Испания спортшылары кесті. Татьяна мен Ирина топтық сында бразиялықтарға 1:2, ал германиялықтардың бірінші жұбына 0:2 боп ұтылып, екінші жұбын дәл осындай есеппен ұтқан болатын. Алексей мен Александр болса, швейцариялықтардың және бразилиялықтардың бірінші жұбын ұтып, екінші жұбынан жеңіліс тапты.

Ақтық сайысы 14 шілде күні өтетін бұл жарыста рейтингтік қорын Татьяна Машкова мен Ирина Цимбалова, Алексей Сидоренко мен Александр Дьяченко 320 ұпайға, ал Дмитрий Яковлев пен Алексей Кулешов 80 ұпайға ұлғайтты.

Соңғы жаңалықтар