Жағажай волейболынанПольшадағы кезеңдік жарсында қазақстандықтар 17-орын алды

АЛМАТЫ. 1 тамыз. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Шілденің 25-31 күндері Польшаның Страе Яблоникип қаласында жағажай волейболынан «Үлкен дулыға» әлемдік сериясының ақтық кезеңдерінің бірі өтті.

Жағажай волейболынанПольшадағы кезеңдік жарсында қазақстандықтар 17-орын алды

Онда ерлер арасында ел намысын қорғаған Алексей Сидоренко мен Александр Дьяченко 17-ші орын алды. Алексей мен Александр алғашқы дәрежелік сында канадалық Кристиан Редманн мен Бен Сакстонды, одан кейін голландиялық Даан Спийкерс пен Эмиль Боэрсманы 2:0 есебімен тізе бүктірді. Осылайша жарыстың негізгі кестесінде «Р» тобында бақ сынауға мүмкіндік алған олар швециялық Патрик Хошер мен Джефферсон Беллагуардамен және грузиялық Ренато Гомес пен Джорж Терцейромен сайысқа түскен болатын. Алайда Швеция және Германия спортшыларымен бірдей ұпай жинағанмен, жалпы ұпай саны жағынан жеңіліс тапқан қазақстандық спортшылар жүлделі орындардан сырт қалды. Ал ақтық кезеңде американдық Тода Рожерс пен Филиппа Далхаузерге 0:2 (15:21, 11:21) есебмен ұтылып 17-ші орынды қанағат тұтуға мәжбүр болды.

Бұл байрақты бәсекеде бұған дейін әйелдер арасында сынға түскен Ирина Цимбалова мен Татьяна Машкова дәрежелік сындағы алғашқы ойында сүрінген болатын. Олар онда канадалық Элизабет Малоней пен Хизер Банслейден 0:2 (19:21, 16:21) есебімен жеңіліс тапты.