08:05, 02 Қыркүйек 2014 | GMT +5
Жағажайда құны 13,5 мың долларлық сақина тапқан америкалық оны иесіне қайтарды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазына іздеуші 13,5 мың доллардың неке сақинасын Нью-Йорк тұрғынына қайтарды.

Эрин Кароццо бір ай бұрын жағажайда гауһар тасы бар сақинаны абайсызда жоғалтып алған. Асыл затын таба алмаған 41 жастағы әйел Facebook-тегі парақшасында сақинаны тапқан адам өзінде қалдырған болар деп жазды.
Металл іздеуші құрылғының көмегімен бұл сақинаны 68 жастағы Майк Коган тапқан. Қазына іздеу оның хоббиі болатын. Зейнеткер тапқанының суретін Facebook арқылы жариялаған. Мұны әйелдің достары көріпті.
Кароццо бірден Коганмен байланысып басынан өткен жағдайды баяндаған. Жуырда әйел жағажайда Коганмен кездесіп, зейнеткер оған сақинасын қайтарды, деп жазды Lenta.ru.