Жағажайға құлаған ұшақ бір адамның өмірін қиып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат – АҚШ-тың Флорида штатында Венис қаласы әуежайы маңында бір моторлы Piper Cherokee ұшағы жағажайға құлады.

Жағажайға құлаған ұшақ бір адамның өмірін қиып кетті

Жергілікті биліктің хабарлауынша, әуе апатының салдарынан жағалауда қыдырып жүрген бір адам қаза тапты, оның жарақаттанған он жасар қызы ауруханаға жатқызылды.

Дәрігерлер қыздың жағдайы аса ауыр деп отыр. Әуе кемесінде болған ұшқыш пен жолаушы еш зардап шекпеген. Алдын ала болжам бойынша, апатқа техникалық ақау себеп болған.