Жағдайы төмен отбасылардың балаларына арналған компьютерлік сынып ашылды

  АЛМАТЫ. Тамыздың 18-і. ҚазАқпарат /Назира Елеухан/ - Бүгін   Алматыдағы Ауған соғысы ардагерлерінің үйінде Түрксіб ауданында тұратын әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларына арналған компьютерлік сынып ашылды,

Жағдайы төмен отбасылардың балаларына арналған компьютерлік сынып ашылды

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Компьютерлік сыныпты Ауған соғысы ардагерлері үйлестіру кеңесінің және Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімшілігінің қолдауымен еріктілердің «SOS тобы» бағыт - бағдар беру орталығы ашып отыр. Бұл орталық  «Seimar Social Fund" қайырымдылық қоры мен БҰҰ еріктілер бағдарламасының бастамасымен  құрылған.

  "Компьютерлік сыныпты ашудағы негізгі мақсат - әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларына   компьютерді еркін меңгеруге, интернетті тағы да басқа бағдарламаларды  білулеріне мүмкіндік жасау, сонымен қатар компьютер маманы деген кәсіп иесінің жұмыстарымен таныстыру болып табылады",- дейді «SOS тобы» бағдар беру орталығының өкілдері.

 Орталықта жағдайы төмен отбасылардың балалары компьютер сабақтарын 3 ай бойы тегін оқи алады. Сабақтарды орталықтың ерікті IT - кәсіби мамандары үйретеді. Балалар үшін арнайы бағдарламалар әзірленген.