Жаһандану мәдениетін тануда мәдени құндылықтарды сақтай отыра, қатаң шекара орнату керек - Кирилл Разлогов
Бұл туралы бүгін ТМД елдеріндегі мәдени саясаттың стратегияларын талқылауға арналған «Тағылым» мәдени-интеллекуалдық клубының кезекті отырысы барысында Ресей Мәдениеттану институтының директоры, өнертану ғылымдарының докторы Кирилл Разлогов мәлім атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, Ресей ұлттық идеяны құруда. «Біздің ұлттық мәдениетіміз бар және біз оны қалыптастырып келеміз. Оның міндеті - мүмкіндігінше іштегі әр түрлілікті жойып, сыртқы әлемге қарсы қатаң шекара орнату болып табылады», деді Кирилл Разлогов. Оның айтуынша, қазіргі мәдени ахуал барлық еуропалық елдер аймақтық және жергілікті деңгейлерде ғана емес, сонымен бірге ұлттық субмәдениет болып қалыптасып жатыр. «Бұл үрдіс еуропалық шекарадан асып, посткеңестік мемлекеттерге жайылуда. Қазір диверсификация жүріп жатыр. Бізді бір жағынан жаһандану біріктірсе, екінші жағынан диверсификация бөледі. Бүгінгі замандағы жағдайда субмәдениеттер көп болуда. Оған интернет пен теледидар әсер етуде. Интернет пен теледидар ғаламдық бұқаралық мәдениетті қалыптастыруда. Ғаламтор арқылы бүгінгі әр адам әр түрлі қауымдастыққа кіріп, араласуда», деді мәдениеттанушы Кирилл Разлогов.