Жаһандану стандарттарға байлау жолымен жүрмеуі керек - "Дағдарыстан кейінгі әлем институты" қорының директоры

АЛМАТЫ. Сәуірдің 14-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Жаһандану стандарттарға байлау жолымен жүрмеуі керек. Бұл бүгін Алматыда өтіп жатқан тәуекел менеджменті туралы 6-шы халықаралық конференцияда айтылды,

Жаһандану стандарттарға байлау жолымен жүрмеуі керек - "Дағдарыстан кейінгі әлем институты" қорының директоры

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Жаһандануда әрбір елдің барлық саяси, экономикалық, діни, әлеуметтік даму ерекшеліктері ескерілуі тиіс. Ғаламданудың өзі көпөлшемді болу керек. Қазір либералды емес догма мен мемлекеттің рөлі қайта қаралуда", дейді "Дағдарыстан кейінгі әлем институты" қорының директоры Екатерина Шипова. Мамандардың пайымдауынша, мемлекет экономикаға кіруі қажет. Ол ішкі нарықты ұйымдастыруы керек. Мұндағы негізгі мақсат ішкі нарықты дамыту. Бұл болашақ дағдарыстар үшін қауіпсіздік жастығы болады.

"Алдағы дағдарыс тағы да бүкіл әлемді қамтиды. Ол таяу 20 жылдың ішінде орын алады. Сарапшылардың 40 пайызы дағдарыстың негізгі толқыны алда, ол қаржылық не экономикалық емес, өркениетті және геосаяси сипатта болады. Бұл дағдарыс капитализмнің қазіргі моделінің дағдарысы", дейді Екатерина Шипова.