Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде Қазақстан 144 елдің ішінде 50-орында тұрақтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлім етті.

Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде Қазақстан 144 елдің ішінде 50-орында тұрақтады

«Өткен күні Үкімет ағымдағы жылдың 3 қыркүйегінде жарияланған Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік туралы 2014-2015 есебін талқылаған болатын. Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде Қазақстан тиімділік және инновациялық даму факторларына жоғары мән берілетін тиімді дамудың екінші кезеңінен инновациялық дамудың жоғарғы үшінші кезеңіне ауыспалы позициядағы елдер тобында өз орнын сақтай отырып, 4,42 (2013 жылы 4,41 - 50 орын, 2012 жылы 4,38 - 51 орын, ) орташа баллмен 144 елдің ішінде 50-орынға ие болды», - деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, ДЭФ ЖБИ рейтингісінде елдер 12 фактор бойынша бағаланады, олардың екеуі бойынша Қазақстан бірінші 30 елдің қатарына кірген.