Жаһандық дағдарыс салдарынан Қазақстанда АЭС салу кейінге шегерілуі мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаһандық дағдарыс салдарынан Қазақстанда атом электр стансасын салу мерзімі кейінге шегерілуі мүмкін. Бұл туралы бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында Энергетика министрі Владимир Школьник мәлім етті.
Министрдің сөзіне қарағанда, бүгінге дейін Үкіметтік комиссиямен Шығыс Қазақстан облысынан бұрынғы Семей сынақ алаңының аумағынан және Оңтүстік Қазақстан өңірінен Үлкен ауылынан екі алаң айқындалып отыр. «Энергетикалық теңгерімділік пен келешектегі атом қуатын тасымалдауды дамыту тұрғысынан бұл екі алаң пайдалы делініп отыр. Соның ішінде, Семей полигонында орналасатын стансаның бірі ресейлік өндірістен болуы да әбден ықтимал, ал балқаштық алаңға келсек, онда бүкіл әлемде жасалып жатқан жобалардың бәрі де талқылану үстінде. Соның ең озығы таңдалады. Шешім шыққан жоқ, дегенмен біз перспективалы станса ретінде жапондық «Toshiba Westinghouse» компаниясын қарастырып отырмыз», - деді В. Школьник.
Оның сөзіне қарағанда, АЭС әрбір блогын салу оның құрылымына қарай 3-4 млрд доллардың шамасында айқындалуы мүмкін.
«Екінші АЭС салу мүмкіндігіне келсек, бұнда барлығы электр тұтыну нарығына, экономика өсіміне, қосымша энергияны экспорттау мүмкіндіктеріне байланысты. Соның ішінде 2019 жылдан кейінгі Еуразиялық экономикалық одақ аясында құрылатын бірыңғай энергетикалық кеңістікте жағдай қалай болады, соған д байланысты. Дегенмен, қазіргі жаһандық ахуалға орай АЭС құрылысы мерзімін кейінге шегеру ықтималдығын да жоққа шығара алмаймын», - деді В. Школьник.