Жаһандық дағдарыс жайлаған қазіргі кезде шұғыл әрекет ету керек - шетелдік сарапшы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаһандық дағдарыс жайлаған қазіргі кезде шұғыл әрекет ету керек. Сондықтан, халықтың депутаттық мандатқа жаңа сенімі керек. Осы ретте Мәжіліс депутаттарын сайлау қисынды, - дейді ресми БАҚ-қа пікір білдірген италиялық геосаясаттанушы-сарапшы Алессандро Лундини.

Жаһандық дағдарыс жайлаған қазіргі кезде шұғыл әрекет ету керек - шетелдік сарапшы

Италиялық маманның айтуынша, сайлау өткен жағдайда Қазақстан дағдарысты айтарлықтай ауыртпашылықсыз өткере алады.

«Қазір Қазақстан үшін басты мақсат - жақында ғана айтылған реформаларды жүзеге асыру. Оны жүзеге асыру бірнеше жылды қамтитындықтан, экономика мен институттық жүйені сол уақыт аралығында қайта жандандыруы тиіс. Сонда Қазақстан тұрақтылықты сақтап қала алды деп есептейміз. Жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін партиялар халықтың сенімін алуы керек. Жұмыла көтерген жүк жеңіл болары сөзсіз», - дейді италиялық сарапшы.