Жаһандық доданың шешуші сынында 8 елдің былғары қолғап шеберлері шаршы алаңға шығады

10 күнге созылған тартысты бәсекеде финалға жеткендердің ішінде Куба қабыландары басымдыққа ие болып отыр. Бостандық аралының 6 бірдей боксшысы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетеді. Ресейдің және Өзбекстанның үш боксшысы шешуші сынға жолдама алған болатын. Ал екі спортшысы қалған мемлекеттер - Қазақстан, Әзірбайжан және Ирландия. Сондай-ақ Марокко мен Франция елдерінің бір-бір боксшысы қазақстандық қос саңлаққа қарсылас атанып отыр.
Осы орайда, «Қазақстан» ұлттық арнасы және «Қазспорт» телеарнасы әлем біріншілігінің бүгін және ертең өтетін финалдық кездесулерін отандық жанкүйерлердің назарына ұсынбақшы. «Қазспорт» телеарнасында Астана уақытымен сағат 22-00-де тікелей эфирде көрсетіледі деп күтілуде.
Қазақстан жанкүйерлері 69 келі салмақта өнер көрсететін Данияр Елеусінов пен 91 келіден жоғары салмақтағы Иван Дычкоға үлкен сенім артып отыр.