Жаһандық көлік-транзит дәліздерін қалыптастыруға жаңа көзқарас қажет - ҚР Президенті
АСТАНА. ҚазАқпарат – Өзара тұрақты байланыс жөніндегі АӨСШК Кеңесін құру дер кезінде қабылданған шешім деп санаймын. Бұл туралы Астанадағы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің саммитінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазақстанның алдағы екіжылдық төрағалығы кезінде өзіне маңызды міндеттер алып отыр және Кеңеске мүше мемлекеттердің тығыз ынтымақтастығы мен қолдауына сенім артады. Біріншіден, экономикалық өлшем. Өзара тұрақты байланыс жөніндегі АӨСШК Кеңесін құру дер кезінде қабылданған шешім деп санаймын. Жаһандық логистикалық тізбектердің үзілуі тиімді көлік-транзит дәліздерін қалыптастыруға жаңа көзқараспен қарауды талап етеді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Осы орайда Президент жүк тасымалының оңтайлы әрі қолжетімді жолдары экономикамыздың тұрақты өсімінің маңызды факторы болып отырғанын атап өтті.
«Коммуникация мен жүктерді жеткізудің әртараптандырылған бағыттарын пысықтау арқылы көлік-транзит әлеуетін жүзеге асыруға мән беру маңызды», - деді Мемлекет басшысы.
Фото:asiaplustj.info