Жаһандық мәліметтер базасы арқылы әлемдегі босқындар мен мигранттардың қозғалысы бақыланады
«Біз әлемдік қауымдастық шеңберінде ақпараттармен алмасып, көші-қонды реттеп отыруымыз керек», - дейді Германия сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайер.
Порталдың ашылуы мен жұмыс істеуін Германия қаржыландырады. Оны халықаралық көші-қон ұйымының құрамындағы көші-қон мәліметтерін талдаудың жаһандық орталығы Берлиндегі штаб-пәтермен қамтамасыз етеді.
«Қазіргі қиын-қыстау заманда нақты фактілер мен дәл талдау негізінде шешім қабылдауымыз керек, - деді халықаралық көші-қон ұйымының бас директоры Уильям Лейси Свинг. - Көші-қон туралы мәліметтер түрлі ұйымдар мен түрлі елдер арасында бытырап жатыр. Түрлі дереккөзден барлық мәліметті жинайтын бұл портал бірегей платформаға айналғалы тұр.
Халықаралық көші-қон ұйымының дерегі бойынша, өткен жылы әлемдегі босқындар мен көшіп-қонушылар саны рекордты 65,3 миллион адамға жеткен.