Жаһандық жылымық Қытайдағы өсімдік әлеміне қауіп төндіріп отыр
БЕЙЖІҢ.Синьхуа-ҚазАқпарат – Жаһандық жылымық және топырақ ылғалдылығының төмендеуі Қытайдағы табиғи өсімдіктердің өнімділігін төмендетуі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл туралы ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы метеорология журналында жарияланған зерттеуде айтылған.
Бұл қорытынды Ішкі Моңғолия автономиялық ауданындағы дала және жайылымдық аймақтарда температура жоғарылауының экожүйеге және оның тұрақтылығына тигізетін әсерін зерттеуге негізделген.
Қытай Ғылым академиясы Ботаника институтының зерттеушілері климаттың жылынуына байланысты өсімдіктер өнімділігінің, әсіресе соңғы құрғақшылық жылдары күрт төмендегенін атап өтті.