Жаһандық жылыну салдарынан Алматы облысындағы барлық мұздықтар еруі мүмкін - В.Божко

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемдік дәрежедегі «McKenzie» консультациялық компаниясының болжамы бойынша, 2050 жылға қарай жаһандық жылыну салдарынан Алматы облысындағы барлық мұздақтар еруі мүмкін. Бұл туралы бүгін ОКҚ брифингінде ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божко айтты.
None
None

«Әлемдік дәрежедегі «McKenzie» консультациялық компаниясының болжамы бойынша, 2050 жылға қарай жаһандық жылыну салдарынан Алматы облысындағы барлық мұздақтар еруі мүмкін. Бүгіннің өзінде Алматы мұздақтарының көбесі сөгіліп, аздап еріп жатыр. Нақтырақ айтсақ, көлемі бойынша 1%-дық және ауданы бойынша 0,5%-дық жылдамдықпен еруде. Енді мұндай қарқынмен барлық мұздық қанша уақытта еріп бітетінін өздеріңіз есептей беріңіздер», - деді В.Божко. Оның айтуынша, бұл жаһандық мәселені шешуде бүкіл әлем болып жұмылу қажет. «Жаһандық жылыну деген өте үлкен қатер. Мен БҰҰ бастамасымен Жапонияда өткен климаттың өзгеруіне байланысты бүкіләлемдік конгерске бардым. Сонда Мұхиттық аралдардағы елдер өкілдерінің айтуынша, Антарктида мен Солтүстік мұзды мұхиттың мұздары ерісе, олардың мемлекеттері де су түбіне кетуі ғажап емес. Өйткені, олар теңіз деңгейінен небары 1-2 метр ғана жоғары. Сондықтан де бүкіл әлем болып шұғыл шаралар қабылдамасақ, ол қатер бізге де төнеді», - деді В. Божко.

Соңғы жаңалықтар