Жак Рогге Халықаралық олимпиада комитетінің президенті болып қалды

АСТАНА. Қазанның 9-ы ҚазАқпарат - Халықаралық олимпиада комитетінің президенті Жак Рогге екінші мерзімге қайта сайланды. Ол бұл лауазымды 2013 жылға дейін атқаратын болады,

Жак Рогге Халықаралық олимпиада комитетінің президенті болып қалды

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.

Халықаралық олимпиада комитетінің президенттігіне сайлау таңертең қазанның 9-ында өтті және 67 жасар Рогге осы лауазымға жалғыз ғана үміткер болды. Бельгиялық Роггені жақтап 88 адам дауыс берді, тек бір ғана адам қарсылығын білдірді.

Дауыс беру аяқталғаннан кейін Рогге Халықаралық олимпиада комитетінің мүшелеріне өзіне көрсетілген сенімдері үшін алғысын айтты және олар барлығы бірлесіп көп нәрселерге қол жеткізгенін атап өтті.