Жак Ширактың әйелі жол апатына ұшырады

АСТАНА. 4 шілде. ҚазАқпарат - Францияның бұрынғы президенті Жак Ширактың әйелі өздерінің отбасылық вилласы орналасқан Сарран қаласынан Парижге қайтып келе жатқан кезде жол-көлік апатына ұшырады,

Жак Ширактың әйелі жол апатына ұшырады

деп хабарлады Lifenews .

Масре қаласының маңында, Тюльден 70 шақырым жерде, Бернадетт және оның жеке жүргізушісі мінген көлік тас жолдан өтіп бара жатқан бұғыны қаққан. Бернадетт аздаған дене жарақатына қарамастан, зардап шеккен жоқ.

Оқиғаның салдарынан сынып қалған көлікті басқаға ауыстыруға тура келді. Елдің бұрынғы президенті Коррезден арнайы көлік жіберді. Бір жарым сағаттан кейін Бернадетт үйіне жетті.