Жақиянов әлемдегі ең көп саяхаттаушы боксшы атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Boxingnewsandviews.com   сайты  қазақстандық Жанат  Жақиянов (27-1, 18 КО) жекпе-жектерінің географиясына таңғалды. Бұл туралы  Sports.kz. хабарлады.

Жақиянов әлемдегі ең көп саяхаттаушы боксшы атанды

«Шетелдегі айқастар жайлы Жақияновтан  көп ешкім білмейді. Ол кәсіби боксшылардан 2007 жылы озып кеткен, содан бері әлемнің 12 елінде жекпе-жектер өткізді. Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Тайланд, Швейцария, Ұлыбритания, Беларусь, Қытай, Австралия, Болгария, Монако, енді  АҚШ-қа баратындығы таңғалдырды. Бұл заманауи дәуірдің ең саяхаттаушы боксшысы - «жол жауынгері» шығар», деп жазды басылым.

Еске салсақ, Жақиянов судьялардың шешімімен америкалық Роши Уорренді (14-2, 4 КО)  жеңіп, жеңіл салмақтағы WBA Super және  IBO титулдарын иеленген.