Жақиянов - Барнетт жекпе-жегін қай арнадан көруге болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан» телерадиокорпорациясы басқармасының төрағасы Ерлан Қарин Фейсбуктегі парақшасында қазақстандық Жанат Жақиянов пен ирландиялық Райан Бернеттің айқасы қай арнадан көрсетілетінін жария етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Жақиянов - Барнетт жекпе-жегін қай арнадан көруге болады

«21-қазаннан 22-ші қазанға қараған түні бокс жанкүйерлері «Qazsport» арнасынан тікелей эфирде қазақстандық боксшы Жанат Жақияновтың кәсіпқой бокс кешін тамашалай алады. Ирландияның Белфаст қаласында ең басты жекпе-жекте WBA нұсқасы бойынша жеңіл салмақтағы чемпион Жанат Жақиянов (27 жеңіс, 18 нокаут, 1 жеңіліс) және IBF нұсқасы бойынша чемпион солтүстік ирландиялық Райан Барнетт (17 жеңіс, 9 нокаут, жеңіліс жоқ) шығатын болады», - делінген Ерлан Қариннің жазбасында.

Жанат Жақиянов әлемдік бокс рейтингінде 12-ші орында болса, Бернетт 5-ші орында.

Еске сала кетсек, WBA (Super) және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы титулдарының тағдыры шешілетін Жақиянов - Барнетт жекпе-жегі 21 қазанда Солтүстік Ирландияның Белфаст қаласында өтеді. 1XBET букмекерлік кеңсесі осы жекпе-жекке мынадай коэффициент ұсынып отыр: Барнеттің жеңісіне - 1.4, Жақияновтың жеңісіне - 3.38, тең нәтижеге - 26.