Жақиянов-Барнетт жекпе-жегіндегі билет бағасы белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 21 қазан күні Белфастта (Солтүстік Ирландия) WBA (Super) белбеуінің иегері қазақстандық Жанат Жақиянов (27-1, 18 КО) пен IBF нұсқасы бойынша чемпион солтүстікирландиялық Район Барнетт (17-0, 9 КО) айқасады, деп хабарлады Sports.kz.

Жақиянов-Барнетт жекпе-жегіндегі билет бағасы белгілі болды

The SSE Arena бокс кешіне билеттер 29 тамыз, сейсенбі күні сатылымға шығарылады. Бірақ билеттерді сату сәрсенбі, 30-ы күні басталады. Бағалық дәрежелері: 33 фунт (14 850 теңге), 44 фунт (19 800 теңге), 65 фунт (29 250 теңге), 105 фунт (47 250 теңге), ал VIP-билеттері 150 фунттан (67 500 теңге).