Жақиянов Шүменовтің алдына шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Boxrec.com порталының pound-for-pound рейтингісінде Жанат Жақиянов қазақстандықтардың ішінде екінші орында тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жақиянов Шүменовтің алдына шықты

Бұл ритингтің көшін Геннадий Головкин бастап тұр. Ал үздік үштікті Бейбіт Шүменов түйіндеген.

Сонымен қатар төртінші орынға Иса Ақбербаев ие болса, қандасымыз Қанат Ислам бесінші орынға жайғасыпты.

Жанқош Тұраров - алтыншы, Бақтияр Эюбов - жетінші, Батыр Жүкембаев - сегізінші, Александр Журавский - тоғызыншы және Бекман Сойлыбаев оныншы орынға орналасқан.

Естеріңізге сала кетейік, Жанат Жақиянов осыдан екі күн бұрын АҚШ-та жергілікті Роши Уорренді 12 раундтық жекпе-жекте ұпай санымен ұтып, WBA (Super) және IBO титулдарын жеңіп алған болатын.