Жақиянов жақында жеңіп алған белдігінен айырылып қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жанат Жақиянов жақында ғана қол жеткізген IBO тұжырымының чемпиондық белбеуінен айырылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Жеңіл салмақта WBA (Super) және IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жанат Жақиянов (27-1, 18КО) өзінің екінші, яғни IBO тұжырымының белбеуінен айырылып қалды. Енді Жақияновтың еншісінде тек WBA тұжырымының чемпиондық белбеуі қалды.

Бұл туралы boxrec.com порталы мәлім етті. Дереккөздің хабарлауынша, ұйым бұл тұжырымның чемпионы атағын жеңіп алған Жанат Жақияновтан тартып алыпты.

Оған басты себеп, отандасымыздың IBO ұйымына белбеу үшін берілетін жарнаны төлемеуі.

Еске салайық, бұл чемпиондық белбеуді Жанат Жақиянов 11 ақпан күні АҚШ-тың Толедо қаласында америкалық Роуши Уорренге қарсы өткізген 12 раундтық жекпе-жектің қорытындысы бойынша төрешілердің шешімімен жеңіске жетіп, жеңіп алған еді.

Соңғы жаңалықтар