Жақияновтың промоутері: «Жанат - алғашқы чемпионым»

АСТАНА. ҚазАҚпарат - Жанат Жақияновтың промоутері және бапкері Рикки Хаттон боксшының бүгінгі жеңісінен кейін «Бұл менің алғашқы чемпион шәкіртім» деп, өз пікірін білдірді.

Жақияновтың промоутері: «Жанат - алғашқы чемпионым»

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Американың Толедо қаласында қазақстандық Жанат Жақиянов (26-1, 18КО) пен америкалық Роуши Уоррен (14-1, 4КО) жеңіл салмақтағы WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағын сарапқа салып, нәтижесінде қазақ боксшысы төрешілердің шешімімен жеңімпаз атанған-ды.

Жекпе-жектен кейін, Жақияновтың промоутері және бапкері Рикки Хаттон өзінің Твиттер желісіне: «Жақиянов үшін қатты қуаныштымын. Бұл менің алғашқы чемпион шәкіртім», - деп жазды.