«Жақсы адамдарым» жыл үздіктерін таңдайды – Jibek Joly

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанда әр сала бойынша жыл үздіктері анықталып «Жақсы адамдарым» атты жаңа жылдық сыйлығы табыс етіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Jibek Joly телеарнасы ұсынған «Жақсы адамдарым» жобасының мақсаты - жыл бойына әр салада жетістікке жеткен, ел ықылысына бөленген, қайырымдылық жасап, әлеуметтік желіде танымал болған жандарға құрмет көрсету. Сондай-ақ, ерлік жасаған азаматтарды көпшілікке үлгі ету, насихаттау.

Аталған бағдарламаның жүргізушілері елімізге танымал өнерлі жұп – Қыдырәлі мен Қарақат.

«Халық ішінде құрмет тұтатын өз батырлары болады. Шыны керек, қазір әлеуметтік желінің заманы. Бір дүниені хайп немесе қарабасы үшін жасайды. Ал бұл халық арасындағы азаматтық іс. Мысалы, өрттің ішінен туды алып шыққан шымкенттік жігіт. Оларды біз «Жақсы адамдар» номинациясында құттықтаймыз. Ерлік танытқан жандардың батырлығын, азаматтық ісін көпшілікке дәріптеу керек», - деді ҚР Президенті телерадиокешені бас директорының орынбасары Тілеген Әбішев.

Халық батырларын отандық эстрада жұлдыздары құттықтап, ән-шашу арнайды. Сонымен қатар «Жақсы адам -2022» номинациясына ие болған жандарға 1 млн теңгенің сертификаты табыс етіледі.


Соңғы жаңалықтар