Жақсы мансапқа ұмтылған жастар қазақ тілін білулері керек - Б.Байбек
АСТАНА. 10 тамыз. ҚазАқпарат - Жақсы мансапқа ұмтылуды мақсат тұтқан жастар қазақ тілін білулері керек.
Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан Қазақстандағы шетелдік студенттер ұйымының 1-ші слеті барысында «Болашақ» ҚР Президентінің халықаралық стипендиясы стипендиаттары қауымдастығының президенті Бауыржан Байбек мәлім етті.
«Бүгінде жұмыс берушілерді ағылшын тілін білуіңмен таң қалдыра алмайсың, тіпті кей кезде қазақ тілін білуіңді талап етеді. Қазіргі уақытта өңірлердің 80 пайызы қазақ тілін білмесең, тіпті барудың да қажеті жоқ. Кімде-кім жақсы мансапқа жеткісі келсе, қазақ тілін білуі тиісті», - деп баса айтты ол.
Б.Байбектің атап өтуінше, қазіргі уақытта кейбір шетелдік компаниялар ағылшын және қазақ тілін жетік меңгерген жастарды ғана жұмысқа қабылдайды. Өйткені мемлекеттік тілді білмесең, өңірде жұмыс істей алмайсың.