08:42, 30 Қазан 2015 | GMT +5
Жақсылық Үшкемпіровтің Олимпиада ойындарындағы жеңісінің 35 жылдығына арналған ҚР Кубогы өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 4-6 қараша аралығында Ақтөбе қаласындағы «Қоныс» спорт сарайында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан Республикасының Кубогы өтеді.
Дүбірлі дода даңқты қазақстандық палуан Жақсылық Үшкемпіровтің 1980 жылы Мәскеуде өткен ХХII жазғы Олимпиада ойындарында жеңіске жетуінің 35 жылдығына арналады, деп хабарлайды грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясынан.