Жақсылық Жаса: Қостанайлық полицейлер зейнеткерлерге көмек көрсетті

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Жанкелдин ауданының полицейлері жалғызбасты зейнеткерге жәрдемдесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жақсылық Жаса: Қостанайлық полицейлер зейнеткерлерге көмек көрсетті

Ауыл ақсақалы Көпжасар Фазылханов денсаулық жағдайларына байланысты үй шаруашылығымен тұрақты айналыса алмайды. Мұны білген жанкелдиндік полицейлер қарияға көмекке келді.

«Көпжасар Фазылхановтың қысқа сақтаған отын-суы азайған. Ауа райының әлі салқын температурада тұрғанын ескеріп, полицейлер егде кісіге көмір түсіріп, ағаш тасып берді. Олар әкеліп берген екі тонна көмір мен екі куб ағаш бірнеше аптаға жетеді», - дейді полицияның баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.

Өз кезегінде ауыл ақсақалы көмек қолын созған тәртіп сақшыларына алғысын білдірді.

null null