#Жақсылық жаса: «Smart School» сыныптарында 170 науқас бала білім алды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Балалар хирургиясы мен педиатрия ғылыми орталығы базасында онкологиялық науқас балаларды қолдауға бағытталған «Smart School» инновациялық сыныбы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

#Жақсылық жаса: «Smart School» сыныптарында 170 науқас бала білім алды

Жобаны «Help Today» қоғамдық қоры ұйымдастырды.

Бір жыл уақыт ішінде орталықта 170 бала білім алды. Әр сабаққа 5-4 бала қатысты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, инновациялық класс онкологиялық науқас балалардың ұзақ мерзімді ем шарасы барысында білім процесінен қол үзбеуі үшін ашылған.

«Сабақтарды сертификатталған ұстаздар жүргізеді. Тәлімгерлер сурет салуды, қолөнер бұйымдарын жасауды үйретеді. Сабақтар арт-терапия, ойын түрінде өткізіледі. Ұстаздардың барлығы стреске төзімділік бойынша арнайы сынақтан өткен. Олар науқас балалар мен ата-аналармен қалай жұмыс істеуді біледі», - деді «Help Today» қоғамдық қорының басшысы Эльмира Алиева.

Балалар ағылшын тілін, лего-құрау, робот техникасы, шахмат, дойбы ойнауды үйренеді.
null

Сабаққа ата-аналар да белсенді қатысады.
null

«Инновациялық класстар балаға оң ықпалын тигізіп жатыр. Оның нәтижесін ата-аналар мен дәрігерлер көріп жатыр. Мұндай сыныптардың болғаны өте жақсы. Себебі, балалар 7-8 ай үздіксіз ем алған кезде бала ауыр дертінен бір мезгіл болсын көңілін аулауға болады», - деді Эльмира Алиева.
null