#Жақсылықжаса: Полицейлер зейнеткерлерге көмектесті

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қарабалық ауданындағы полицияның жас көмекшілері сенбілікке қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

#Жақсылықжаса: Полицейлер зейнеткерлерге көмектесті

Жас көмекшілер Қарабалық ауданында тұратын зейнеткерлер Екатерина Сучок пен Анатолий Кузнецовқа жәрдемдесті. Көмекшілер деп отырғанымыз - Қарабалық аудандық №2 орта мектептің оқушылары.

«Біз жыл сайын қарт кісілердің үйлеріне келіп, көмек беріп тұрамыз. Ұлдар ауланың қарын тазалап, қыздар үй ішін жинастырады. Біздің топ жақсылық жасауға дайын тұрады»,- дейді полицияның жас көмекшілері.

Өз кезегінде қариялар елгезек жас өскіндерге ризашылықтарын білдіріп жатады.

null null null