#ЖақсылықЖаса: Рудныйлық такси жүргізушісі тұрғындарға ыстық тамақ таратуда

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Рудный қалалық «Нұр» мешіті мен жеке такси жүргізушілер аязды күндері тұрғындарға тегін қызмет көрсетіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Мұндай қайырымдылық шараны әуелі Рудный қалалық «Нұр» мешітінің қызметкерлері бастап қолға алды. Дін қызметкерлері аязды күндері тоңған тұрғындарға, мешітке келгендерге тегін тамақ берді. Сондай-ақ, имамдар мешіттің ақсақалдарына дастархан жайды. Мешітке келген барша жамағат өз разылықтарын білдірді.

Үскірік аязға қарамай тұрғындарға тегін қызмет көрсетіп жүргендердің ішінде рудныйлық тәжірибелі такси жүргізуші Кәкімжан Жаманов та бар. Ол тұрғындарды қажетті жеріне тегін жеткізіп салып, көше тазалап жүргендерге, студент жастарға ыстық тамақ таратып жүр.

«Қалалық мешіттің бастамасын қолдағымыз келді. Тағы бірнеше такси жүргізуші бірігіп, аяз сынғанша халыққа тегін қызмет көрсетуді ұйғардық. Аурухана, орталық базар, халыққа қызмет көрсету орталығы сынды халық көп жиналатын орындарға барып, тұрғындарға қызметімізді ұсынып жүрміз. Шынын айтсам, жұрттар бастапқыда таңғалады. Қазіргідей суықта жол бойында тұрған адамдарды жарыса алып кетіп жатқан әріптестерімді көргенде іш жылиды. Қала халқы батасын беріп, шынайы алғыстарын білдіруде», - дейді Кәкімжан Жаманов.

null null

Соңғы жаңалықтар