Жақұт жүзік бәссаудада 5 млн. долларға сатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Аса сирек кездесетін кашмир жақұтты жүзік сейсенбі күні Нью-Йорктегі Sotheby's бәссауда үйінде 5 млн. долларға сатылды.

Жақұт жүзік бәссаудада 5 млн. долларға сатылды

Sotheby's өкілдерінің хабарлауынша, бұл тас қаратқа айналдырып есептегенде осы кезге дейін болған бәссаудалардың ішінде сатылған ең қымбат жақұт болып отыр.

32 гауһар таспен безендірілген сақина Нью-Йорктің Oscar Heyman & Brothers зергерлік фирмасында жасалған. Жақұттың салмағы 28,18 қарат. Ал оның бір қараты шамамен 181 мың доллар тұрады.

Сатып алушының есімі аталмады. Белгілісі, осы жүзіктің бұрынғы иесі оны Нью-Йоркте Sotheby's бәссаудасында осыдан отыз жыл бұрын сатып алған.