Жақын арада Оңтүстік Осетияны бірнеше ел таниды

АСТАНА.  Тамыздың 7-сі. ҚазАқпарат -  Жақын     арада  Оңтүстік Осетияны бірнеше  ел  танитын  болады. Оған  ел  президенті Эдуард  Кокойты   сенімді.

Жақын  арада   Оңтүстік Осетияны  бірнеше ел таниды

«Біз Оңтүстік Осетияны  тануды  жеделдеткелі  отырған жоқпыз,   дегенмен Таяу Шығыс, Африка және ТМД елдерімен   белсенді  жұмыс істеп жатырмыз. Жақын  арада    біздің  елімізді  басқа да мемлекеттердің  танитынына сенімдімін.   Бұл болмай  қоймаймын үдеріс.    Бізде  парламент  сайлауы  өткен кезде,  Еуропа мен    Латын Америкасынан  келген байқаушылар    оның  жоғары  деңгейде  өткенін  мойындады.  Бұл,    жас болғанына  қарамастан, Оңтүстік Осетияның мемлекеттілігі,    саяси  дағдарыстан көз аша алмай  отырған   Грузия,  Украина,  Молдова сияқты елдердегі демократиядан   озық  екенін    көрсетеді.   Олар демократияны Оңтүстік Осетия мен  Абхазиядан үйренулері керек»,  деді Кокойты.  ҚазАқпарат   бұл туралы «Труд»  басылымына сілтеме  жасап хабарлайды.