13:15, 12 Шілде 2013 | GMT +5
Жақын күндері Азия чемпионы атанған Д.Елеусінов Олимпиада «алтынына» оқталып отыр
АСТАНА. 12 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақ агротехникалық университетінде Иорданияда өткен Азия чемпионатының жеңімпаздарына құрмет білдіру шарасы барысында боксшы Данияр Елеусінов бұл оның бірінші жеңісі емес екендігін және алдағы уақытта өзін бұдан да үлкен сындар күтіп тұрғандығын айтты.
Спортшының айтуынша, алда тұрған негізгі сындардың бірі - биылғы Әлем чемпионаты. «Содан кейін 2017 жылы Рио-де-Жанейро қаласында өтетін кезекті Олимпиада - менің негізгі мақсатым», - дейді Д.Елеусінов.
Ал журналистерге берген сұхбатында Д.Елеусінов Иорданияның Амман қаласында өткен Азия чемпионатының ұйымдастырылуы «тиісті деңгейде болмады» деген пікірін жеткізді. Оған қарамастан, біздің құрамамыз жеті алтын және бір күміс медальдарға ие болып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға шыға білді.