Жақын күндері елордада жауын жауады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Синоптиктердің хабарлауынша, Астана қаласында жақын күндері жауын жауады. "Казгидромет" мәліметіне сүйенсек, елордаға Екатеринбург аймағынан келетін циклон салдарынан жаңбыр бірнеше күнге созылуы ықтимал.
None
None

Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тамыздың 11-12 күндері Астана аумағында көшпелі бұлт шығып, жауын жауады. Ертең оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +14-16°С, күндіз +23-25°С құрайды.

12 тамыз күні солтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғып, ауа температурасы түнде +11-13°С, күндіз +21+23°С құрайды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум