Жақында Алматыда бендиден Әлем чемпионаты өтеді

АЛМАТЫ. 6 қаңтар. ҚазАқпарат  /Нәзира Елеухан/ - Алматыда тұңғыш рет 29 қаңтар мен 5 ақпан аралығында «Медеу» мұз айдынында  бендиден Әлем чемпионаты өтеді.

Жақында Алматыда  бендиден Әлем чемпионаты өтеді

Халықаралық деңгейдегі спорт додасына  Америка, Ресей, Швеция, Финляндия, Норвегия, Жапония, Голландия, Моңғолия, Венгрия, Латвия және тағы да басқа   әлемнің 15 елінің құрама командалары қатысады.

 Жарыстың бірінші, яғни 29 күні Қазақстан құрама командасы Норвегиямен ойнайды, ал екінші күні АҚШ құрама командасымен сынға түсетін болады.  Сондай-ақ бірінші күні, Швеция-Финляндия командасымен, ал, Ресей - Америка құрама командасымен кездеседі.

 Спортсүйер қауым үшін жарыстар отандық - «Еларна», «Хабар» телеарналарда тікелей эфир арқылы көрсетілетін болады. Сондай-ақ, сайыстар Бенди халықаралық федерациясы құрамына енетін барлық  қатысушы  елдерде тікелей эфир арқылы көрсетіледі.

 Әлем чемпионатының ресми түрде ашылуы 29 қаңтар күні сағат 14.00-де өтеді.

 Өткен жылы ақпан айында,  бендиден халықаралық федерациясының туын ФИБ президенті Борис Скрыльник ресми түрде қала әкімі Ахметжан Есімовке тапсырған. Чемпионаттың өткізілуі сол кезде белгілі болған еді.

 Жарысты өткізуді қолға алған Алматы қаласы мен әлем чемпионатын ұйымдастырушылар  халықаралық деңгейдегі спорт додасын лайықты деңгейде өткіземіз деген үмітте.