Жақында Астанада «Сарыарқа» қалалық такси қызметі іске қосылады

АСТАНА. Қазанның 13-і. ҚазАқпарат /Гүлнәр Жандағұлова/ - Жақын арада Астанада «Сарыарқа» қалалық такси қызметі іске қосылады.

Жақында Астанада «Сарыарқа» қалалық  такси қызметі  іске  қосылады

Елорда әкімі Иманғали Тасмағамбетов бұл туралы бүгін өз блогында хабарлады.

«Астанада жақын арада «Сарыарқа Такси» жаңа кәсіпорны жұмыс істей бастайды, кәсіпорын қазір конкурстық негізде жүргізушілер штатын жасақтап жатыр», - деді әкім қала тұрғынының сауалына берген жауабында.

Жаңа таксомоторлық қызмет жекеменшік инвестицияларға ашылып отыр. GPS жүйесімен және таксометрмен жасақталатын таксилер желісі алдағы айларда іске қосылмақ.