09:42, 13 Қараша 2013 | GMT +5
Жақында ислам банкі ашылады
АСТАНА. 13 қараша. ҚазАқпарат - Африка құрылығындағы Зимбабве елінде жақын арада ислам банкі ашылады, деп хабарлады muslim.kz.

Қазіргі уақытта Зимбабве орталық банкі, қаржы министрлігі және мұсылман жамағаты арасындағы келіссөз басталып та кетті. Бұл келіссөзге елге ислами қаржының қажеттілігін сөз ететін мұсылман жамағатының атынан Аширай Мавере де қатысады.
Бір айта кетерлігі, ислам банкі әлемнің кем дегенде 50 елінде өз базасын қалыптастырған ұйым. Олардың ішінде АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Жапония, Сингапур, Сауд Арабиясы, Германия, Қытай және Малайзия секілді экономикасы өркендеген алып елдер де бар.
Аширай Мевренің сөзіне қаарағанда, ислам банкингі қаржы саласындағы қордаланып қалған көптеген мәселелердің шешімін табуға септігін тигізеді. Зимбабведегі мұсылмандар саны халықтың тек бір-ақ пайызын құрайды.