Жақында кен орнын пайдаланушылар табысынан түскен қаржыны инновацияға бағыттаудың тиімді тетігі әзірленеді

АСТАНА. 14 ақпан. ҚазАқпарат - Биыл бірінші тоқсанда кен орнын пайдаланушылар табысынан түскен қаржыны ғылымға бағыттаудың тиімді тетігі әзірленеді.

Жақында кен орнын пайдаланушылар табысынан түскен қаржыны инновацияға бағыттаудың тиімді тетігі әзірленеді

 Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев мәлім етті.

«Бірінші тоқсанда Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі әріптестермен бірлесе кен орнын пайдаланушылар табысының 1 пайызын ғылым мен инновацияны дамытуға бағыттау жөніндегі норманы тиімді пайдалану тетігін қарастырады. Екінші тоқсанда жұмысқа кірісу үшін бұл механизмді пайдаланудың ержелерін бекіту қажет»,-деді ведомство басшысы.

 Сонымен қатар Үкімет отырысы барысында Ә. Исекешев Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі биыл индустрияландыру картасының баламасы бойынша инновация картасын қалыптастыруды ұсынды.

Оның айтуынша, ағымдағы жылы елімізде инновациялық жобаларға айырықша назар аударылатын болады. Осыған байланысты инновациялар картасын құру қажет. Яғни, бұл инновациялық жобалардың картасы болып негізделеді. Онда қолдау көрсетудің арнайы тетіктері мен жағдайы қамтылады. Осы мәселе бойынша тиісті ұсыныстар Үкіметке таяу уақытта енгізілмек.