Жақында «Майкрософт» Windows операциялық жүйесінің келесі нұсқасын жариялайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Майкрософт» корпорациясы Windows операциялық жүйесінің келесі нұсқасын 30 қыркүйек күні таныстырады, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.
None
None

The Verge басылымның хабарлауынша, құрушылар үшін жасалған операциялық жүйенің бета-нұсқасы Threshold деген атаумен таныстырылады.

Сарапшылардың айтуынша, бұл операциялық жүйеге барлық қолданушылар 2015 жылдың көктемінде қол жеткізе алады.

Аталған шара компанияға жаңа басшы Сатья Наделла келгеннен кейінгі ең айтуылы жаңалық болмақ. Ол Microsoft-тың «ардагер» жетекшісі Стив Балмердің орнын басқан болатын. Компанияның экс-басшысы 19 тамызда қызметінен кеткен болатын.

Соңғы жаңалықтар