Жақыныңа жанашыр бол: Алматыда коронавирус жұқтырған 62 науқастың жағдайы ауыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда жағдайы ауыр науқастардың саны артты. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жақыныңа жанашыр бол: Алматыда коронавирус жұқтырған  62 науқастың жағдайы  ауыр

Оның айтуынша, бүгінгі күні жұқпалы аурулар стационарларында 1226 адам жатыр, оның ішінде 57 бала бар. Барлық емдеуге жатқызылғандар арасынд 5 адамның жай-күйі өте ауыр, 62-інде – ауыр, 575 адамда – ауырлықтың орташа дәрежесінде, 584 адамда – қанағаттанарлық жағдайда, симптомсыз – 55 адам.

«Өкінішке орай, біз жағдайы ауырлаған пациенттер санының өсіп келе жатқанын көріп отырмыз. Соңғы апталарда олардың саны іс жүзінде 36-дан 62 адамға дейін өсті «,– дейді Камалжан Надыров.