«Жальгирис» бапкері: Екінші гол қолмен соғылды деп санаймын

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Жальгирис» клубының бас бапкері Вальдас Дамбраускас «Астана» командасын УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу турындағы жеңісімен құттықтады.

«Жальгирис» бапкері: Екінші гол қолмен соғылды деп санаймын

Дегенмен ол екінші голды Аничич қолмен соқты деп есептейтіндігін жасырмады.

«Ойын триллер үшін Оскарға лайық. Дегенмен «Астана» былтыр ХИК командасына гол соққандай соңғы минуттарда доп салып кетті. Не айтсақ та, «Астананы» жеңісімен құттықтауымыз қажет. Футболшылар бүгін өте жақсы ойнады. Ештеңе істей алмайсың, бұл - футбол. Кейде сен гол саласың, кейде саған салады. Істі соңына дейін жеткізу керек еді. «Астана» ЧЛ топтық кезеңіне дейін қайта шығуын тілейміз», - деді ол матчтан кейінгі баспасөз мәслиxатында.

Сонымен қатар ол «Астана» ойында жылдамырақ, мықтырақ болды, қауіпті жағдайларды жиі жасады деп санайды, алайда гол салу мүмкіндіктері бойынша «Жальгирис» жеңіске жетуі тиіс болған деп отыр.

«Меніңше, матч соңына қарай біз көптеген бұрыштама мен айып доптарының арқасында гол салуымыз керек болған. Футболда солай өзі, жеті, сегіз футболшы, тіпті кейде 10 футболшы шабуылға шығып кеткен кезде бүгінгі жағдайға ұқсас кездер болып жатады. Меніңше, екінші голда төреші қателік жіберді, гол қолмен салынды. Видеодан қайталап көріңіздер», - деді ол.