Жалағаш ауданында жұмыс берушілердің 474 131 теңге жалақыны кем есептегендігі анықталды - Қызылорда облысы

ҚЫЗЫЛОРДА. 20 маусым. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы прокуратурасының қызметкерлері «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының жүзеге асырылуы барысын тексеру кезінде

Жалағаш ауданында жұмыс берушілердің 474 131 теңге жалақыны кем есептегендігі анықталды - Қызылорда облысы

жұмыс берушілердің 474 131 теңге жалақыны кем есептегенін анықтады. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен хабарлады.

Тексеру нәтижесі бағдарлама негізінде жұмыс берушілер тарапынан жұмысшыларға айлық жалақыларын кем төлеу фактілері орын алғанын көрсетті.

«2012 жыл көлемінде мекеме мен жұмыс берушілер арасында жасалған еңбек шарттарының негізінде жұмысшылардың 474 131 теңге жалақылары кем есептелгендігі анықталды», - делінген хабарламада.

Тексеру қорытыңдысымен анықталған заң бұзушылықтар бойынша Жалағаш аудандық прокуратурасы облыстық бақылау және әлеуметтік қорғау департаментіне жұмысшылардың еңбек ақыларын кем есептеп, төлемей отырған жұмыс берушілердің әкімшілік жауапкершіліктерін шешу жөнінде ұсыныс енгізді.