05:21, 07 Қараша 2017 | GMT +5
Жалағашта ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Жалағаш ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жалағаш кентіне ауылдық округтерден молшылықтың керуені жеткен. Өнімдер нарықтық бағадан 10-15 пайызға арзандатылып сатылды. Сазды әуенге бөленген алаңдағы қаз-қатар тігілген көліктер мен сөрелерден қажет азығын сатып алушылар лек-легімен келіп жатты.
Жәрмеңкеде болған аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев бағаның қолжетімділігін көріп, тұтынушылар мен сатушыларға сәттілік тіледі. Аудан орталығындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі көптің көңілінен шығып, жалағаштықтар өз алғыстарын білдірді.