Жалақы бірқалыпты қарқынмен өсуде - Тимур Сүлейменов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандықтардың жалақысы бірқалыпты қарқынмен өсуде. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында  Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жалақы бірқалыпты қарқынмен өсуде - Тимур Сүлейменов

«Еңбек нарығында тұрақтылық сақталады. Ағымдағы жылдың басынан бері 297,1 мың адам жұмысқа орналастырылды. Жұмыссыздық деңгейі - 4,9 пайыз», - деді министр.

Оның айтуынша, жалақы да бірқалыпты қарқынмен өсуде.

«Ағымдағы жылғы қаңтар-шілдеде орташа айлық жалақы 157,7 мың теңгені құрады және нақты мәнінде 2,3 пайызға өсті. Ағымдағы жылдың қаңтар-маусымда нақты ақшалай кірістер 1,0 пайызға артты», - деді Тимур Сүлейменов.