Жалақы төлемеу, зейнетақы аударымын жүргізбеу — Жылыойда 924 жұмысшының құқығы бұзылған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жылыой ауданының прокуратурасы аудан аумағында жұмысшылардың еңбек құқықтарын бұзу фактілерін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Атырау облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалақы төлемеу, зейнетақы аударымын жүргізбеу — Жылыойда 924 жұмысшының құқығы бұзылған

«Батыс Тех Инвест» ЖШС-нің жұмысшыларына еңбек ақыларын төлемеу, сондай-ақ «ЖылыойСу» МКК-мен Теңіз кен орнында «ИнтерТаско» ЖШС-нің жұмысшыларына зейнетақы және әлеуметтік аударымдары жүргізілмеу жағдайлары анықталды.

Прокурорлық қадағалау актілері негізінде 180 жұмысшыға 32 млн теңге көлемінде еңбек ақылары және 744 жұмысшыларға 48 млн теңге көлемінде зейнетақы және әлеуметтік аударымдары өндірілді.