Жалақысына 44 млн. теңге заңсыз сыйақы қосқан ҚР ҚОҚМ Қазақ экология институтының экс-директоры үстінен қылмыстық іс қозғалды

АСТАНА. 23 қаңтар. ҚазАқпарат - 2013 жылғы 21 қаңтарда Қаржы полициясы агенттігі Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Қазақ экология және климатты ғылыми-зерттеу институтының бұрынғы бас директоры

Жалақысына 44 млн. теңге заңсыз сыйақы қосқан ҚР ҚОҚМ Қазақ экология институтының экс-директоры үстінен қылмыстық іс қозғалды

Е.Түлекбаевқа және өзге тұлғаларға қатысты жалақысына заңсыз сыйақылар қосу арқылы 44 млн.теңге бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметінен мәлім етті.

Қылмыстық іс тергелуде, бюджет қаражатын ұрлаудың аталған фактілеріне қатысы бар басқа да тұлғалар анықталуда.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.