Жалалабад облысында ер адам несиесін жабу үшін өзінің қайтыс болғаны туралы куәлік алған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жалалабад облысында ер адам несиесін жабу мақсатында өзінің қайтыс болғаны туралы куәлік алған. Бұл туралы сәрсенбіде ҚР ІІМ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады КирТАГ.

  Жалалабад облысында ер адам несиесін жабу үшін өзінің қайтыс болғаны туралы куәлік алған

Жалалабад ІІБ 5-бөлімінің қызметкерлері Шатқал ауданының прокуратурасымен бірлесіп жедел-іздестіру шараларын жүргізген кезде Шатқал аудандық АҚАЖ маманы қызметін теріс пайдаланған факті анықталды.

АҚАЖ-дың басшы буын қызметкерінің РФ азаматы, Жалалабад облысының тумасы А.З. қайтыс болғаны туралы куәлік жазып, ресми құжатқа өзгеріс енгізгені анықталды.

Сонымен бірге азаматша А.З. аман-есен екендігі, куәлікті несие жабу мақсатында алғандығы белгілі болды.

Аталмыш факті бойынша ҚК 304-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.